Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

⚜️ Білім - болашақтың іргетасы. Ал сол іргетасты берік етіп қалайтын -мұғалім


⚜️ Білім - болашақтың іргетасы. Ал сол іргетасты берік етіп қалайтын -мұғалім. Қоғамның рухани көшбасшысы саналатын ұстаздарды дайындау- уақыт талабы. Осы орайда жас буынды ерте жастан педагогикалық бағытқа баулу, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында мектептерде педагогикалық сыныптар құрылуда. Бұл- келешек ұстаздарды тәрбиелеудің алғашқы қадамы, үлкен жолдың бастауы.
2025 жылғы 28 қазанда М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де Ашық есік күні өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы меморандум аясында, сондай-ақ «Кәсіпке қадам» жобасы шеңберінде Г. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим №2 орта мектебі базасында Педагогикалық сынып өз жұмысын бастады. Алғашқы қатысушылар – педагог болуға қадам басқан 13 оныншы сынып оқушысы.
Облыс бойынша 100-ге жуық 10–11 сынып оқушылары, оның ішінде педагогикалық сыныптың тәрбиеленушілері университетке келіп, ұстаздармен танысып, студенттік өмірдің алғашқы әсерін сезінді.
Алда оларды қызықты кездесулер мен тың жаңалықтар күтуде!


Пікір жоқ
7 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 29.10.2025 в 12:56

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour