«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру: заманауи тәсілдер мен технологиялар» тақырыбындағы семинарға қатысушылардың назарында ертеңгі күні оқушыға қажет болатын дағдылар болды: ақпаратты талдау, білімді тәжірибеде қолдану, оқу материалы мен шынайы өмір арасындағы байланысты көре білу.
Педагогтер функционалдық сауаттылықты халықаралық зерттеулер контексінде талқылады. Спикерлер жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастырудың практикалық тәсілдерімен бөлісіп, математика сабақтарында инфографика мен тұтас емес мәтіндерді қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. 4-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту құралы ретінде экологиялық бағыттағы есептерді шешу үлгілері ерекше қызығушылық тудырды.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдістемелермен алмасу және жаңа шешімдер іздеу алаңына айналды.


