Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

⚜️ Қазіргі білім беру кеңістігінде функционалдық сауаттылықты дамыту - уақыт талабы. Осы орайда оқыту үдерісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді енгізу педагогтердің кәсіби ізденісінің маңызды бағытына айналуда.


⚜️ Қазіргі білім беру кеңістігінде функционалдық сауаттылықты дамыту - уақыт талабы. Осы орайда оқыту үдерісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді енгізу педагогтердің кәсіби ізденісінің маңызды бағытына айналуда. Аталған бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында 2026 жылғы 28 қаңтарда математика пәні мұғалімдері қауымдастығының «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы жасанды интеллект пен цифрлық құралдар» тақырыбында отырысы өтті.
Отырыс барысында жасанды интеллект технологияларын, онлайн-платформаларды, интерактивті сервистер мен білім беру қосымшаларын пайдалану арқылы оқу сауаттылығын, математикалық және цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды.
Қауымдастық мүшелері функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгілерімен және жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстарда тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Барлық баяндамалар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды қолданудың бірізді әрі тиімді тәсілдерін қалыптастыруға бағытталды.


Комментариев нет
38 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 29.01.2026 в 15:49

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки


<

Choose Colour