Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo2.png?_=1770715399

8 (7152) 50-07-15

2026 жылдың 18 ақпан күні «Бірінші гимназия» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығы – тиімді оқытудың жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.


2026 жылдың 18 ақпан күні «Бірінші гимназия» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығы – тиімді оқытудың жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
🎯 Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің оқу сауаттылығын дамытуға арналған заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерту және мәтінмен жұмыстың тиімді жүйесі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
📚 Семинар барысында қатысушылар оқу сауаттылығын арттырудың практикалық жолдарымен танысып, мәтінді талдау, интерпретациялау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістерді тәжірибе жүзінде қолданды.
📌 Сонымен қатар облыстық «Тіл мұрасы» және «Город-селу» жобаларын іске асыру жолдары, олардың білім сапасын арттырудағы рөлі талқыланды. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті бағыттардың бірі – жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесінде тиімді пайдалану мәселесі де кеңінен қарастырылды.
👩‍🏫 Семинарға облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
✨ Аталған семинар білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.


Комментариев нет
29 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 18.02.2026 в 18:43

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки


<

Choose Colour