Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2024 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында «Жылдың үздік психологы» байқауының республикалық кезеңі өтті.


⚜️2024 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында «Жылдың үздік психологы» байқауының республикалық кезеңі өтті. Байқаудың негізгі мақсаты-кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергендігін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау. Солтүстік Қазақстан облысының атынан облыстық кезеңнен сәтті өткен 5 Педагог-психолог қатысты. Біздің қатысушылар өздерінің авторлық бағдарламаларын лайықты түрде ұсынды, өз жобаларын қорғауда кәсібилік, шығармашылық және шешендік өнерлерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Республикалық турдың тиісті санаттардағы жеңімпаздары анықталды:
I санат-3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар психологтар; II санат-5-7 жылдық жұмыс өтілі бар психологтар; III санат-7 және одан да көп жылдық жұмыс өтілі бар психологтар.
🏆Әріптестерімізді табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Сізге одан әрі табыс пен кәсіби өсуді тілейміз!
🔖II санат (5-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтар) –
🥉III орын - Тайынша ауданы, «Алабота орта мектебі» КММ
педагог-психологы Гавриленко Ангела Николаевна;
🔖Грамота - Петропавл қ. «№4 орта мектеп» КММ педагог-психологы Саржанова Гүлмира Бағдатқызы;
🔖III санат (7 және одан көп жыл жұмыс өтілі бар психологтар) –
🥉III орын - «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия – интернаты» КММ
педагог-психологы Қалиева Гулдана Рузаевна;
🔖Грамота – Айыртау ауданы, «Рудная орта мектебі» КММ педагог - психологы Омарова Бақытгүл Амантайқызы.


Пікір жоқ
389 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.03.2024 в 17:12

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour