Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Цифрландыру және білім беру саласындағы жасанды интеллект жылының салтанатты ашылуы аясында мектеп директорларына арналған шеберлік сыныбы өтті.


⚜️ Цифрландыру және білім беру саласындағы жасанды интеллект жылының салтанатты ашылуы аясында мектеп директорларына арналған шеберлік сыныбы өтті. Шара барысында басқару ісі мен оқу процесіне заманауи цифрлық және AI-шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.
Саланың жетекші сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісті:
🔹 Санжар Кенжехан, «Edata.kz» директоры — мектеп қызметіне жасанды интеллект құралдарын енгізу бойынша практикалық шеберлік сыныбын өткізді;
🔹 Уалиев Данияр Серікұлы, Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры — Петропавл қаласында қызмет еткен кезеңінде облыс мектептеріндегі білім сапасын бағалау мен басқаруда аналитиканы қолдану бойынша пилоттық жобаны әзірлеген болатын;
🔹 Маврина Динара Викторовна, «EdooX.com» операциялық директоры — процестерді автоматтандыру және оқытуды дербестендіру (персонализация) үшін ЖИ мүмкіндіктерін таныстырды.
Бұл шара тәжірибе алмасу, цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін талқылау және заманауи мектепті дамытудағы жасанды интеллектінің рөлі туралы ортақ көзқарас қалыптастыру алаңына айналды.

https://www.instagram.com/p/DUbKQzdDZ-I/

 

https://www.facebook.com/share/p/1RztQb2jxf/


Пікір жоқ
10 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.02.2026 в 23:15

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour